АҚШ ұшақтары Ресейге ядролық соққы жасауды пысықтады

2628
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың он стратегиялық бомбардирі қарашада өткен АҚШ күштерінің оқулары барысында Ресейге қарсы ядролық қаруды батыс және шығыс бағыттарынан қолдану нұсқасын жасады. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгу мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол қытайлық әріптесі Вэй Фэнхэмен келіссөздер барысында ресейлік әскери қызметшілер мемлекеттік шекараға жақын жерде АҚШ әуе күштері авиациясының белсенділігінің айтарлықтай өсуін тіркейтінін атап өтті.

«Соңғы айда Ресей Федерациясының шекарасына 30-ға жуық ұшу жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп»,– деді министр.

Басшының айтуынша, қараша айында АҚШ стратегиялық күштерінің жаттығуы кезінде 10 стратегиялық бомбалаушы Ресей Федерациясына қарсы ядролық қаруды батыс және шығыс бағыттарынан бір уақытта қолданған.

«Барлық жағдайда біздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарымыз АҚШ-тың стратегиялық бомбалаушыларын уақытында анықтап, үздіксіз бақылау орнатып, оқиғалардың алдын-алу шараларын жүзеге асырды»,– деп мәлімдеді Сергей Шойгу.

Еске сала кетейік, 18 қарашада Ресей СІМ алқасының кеңейтілген отырысында Ресей президенті Владимир Путин НАТО-ның стратегиялық бомбалаушылары Ресей шекарасынан 20 шақырым қашықтықта ұшатынын айтқан еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер