Ершат Қайболдин. "Соңғы батыр"

4379
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/imgo_1612164624.jpg
Бір басында бар еді қырық ақыл, Тірі батыр өлді ме бүгін ақыр?! Құбыла тұр, дүние, құбыла тұр, Батыр әлі өлген жоқ, тірі жатыр. Ұрып-соғып, ас-сусыз арам қатыр, Ей, дүние, ажалдан аман батыр! Иә, табытта талып бір адам жатыр, Бірақ, рухы қасқайып алаңда тұр. Тұлпарым-ай, жолына есек тұрған, Ұлтаным-ай, табытты төсек қылған. Бордай тозды-ау ақыры кесек тұлғаң, Кешесің бе, біздерді өсек қуған?! Шаршаған-ау шынымен біздің батыр, Өліп қалған адамдай мызғып жатыр. Күзетіңдер, көпшігін түзетіңдер, Көзін ойып кетпесін құзғын-кәпір! Дем алмастан демалсын соңғы батыр, Соңғы батыр шаршады, болды, жатыр! Әй, бауырым, батырды мазалама, Дәтің болса сен соның орнына тұр!  

Комментарии