7 жасар қыз өрттің салдарынан көз жұмды

283

Қостанайда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Өрт 24 қараша сағат 17:20-де Путейская көшесіндегі жеке үйден шыққан. Салдарынан 7 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның анасы ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.

"Өрт жалпы 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру кезінде 4 тұрғын эвакуацияланып, жедел жәрдемге берілген. Қалалық ауруханаға 44 жастағы әйел жеткізілді. Денесінің 80-88 пайызын 3-дәрежелі күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оның 46 жастағы күйеуінің беті мен қолы күйіп қалған. Дәрігерлер қарап оны үйіне жіберді. Осы отбасының жеті жастағы қызы ауруханаға жетіп үлгермей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Тағы 8 жастағы бір бала құтқарылды. Ол медициналық көмекті қажет етпеді" — делінген хабарламада.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы