Тоқаев іссапармен Бельгияға барады

2566
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/95185262-d505-4f73-8aeb-64be261e52f9-960x500.jpeg?token=d6c43167fedc48fe5c0b1fe1e163cea1
25-26 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. "Мемлекет басшысы Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли. Айта кету керек, биыл тамыз айында Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтанда Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаланы қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишельдің Қазақстан басшысын жыл соңына дейін Брюссельге іссапармен келуге шақыруын растаған жолдауын жеткізді.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии