Алматыда жолақы қымбаттауы мүмкін

3250
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов қоғамдық көлікте жолақы қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ертең-ақ тарифті көтереміз деп отырған жоқпыз. Біз жалпы бар мәселені талқылаудамыз. Тарифті көтеру қажет. Егер біз бұл мәселені қарастыратын болсақ, онда жұртшылықпен, қала тұрғындарымен ақылдасатын боламыз. Бұл сұрақ өте өзекті. Тасымалдаушылар тарифтерді қашан көтеретініміз туралы жиі сұрайды. Осы мәселені көктемде талқылаймыз деп ойлаймын»,– деді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, бюджет жылына 40 миллиард теңгеге жуық субсидия төлейді. Бұл ел бойынша ең үлкен көрсеткіш.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын дотациясыз бір жол жүрудің нақты құны 250 теңгені құрайтыны айтылған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер