Air Astana Алматыдан Делиге тікелей рейстерді қалпына келтіреді

2712
Adyrna.kz Telegram

Әуе компаниясы Үндістан астанасымен тұрақты рейстерді қалпына келтіру туралы қуана хабарлайды. Рейстер 2021 жылдың 16 желтоқсанынан бастап аптасына 3 рет сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшағымен орындалады.

Алматыдан рейс 07:50-де ұшып, Делиге 11.10-да жетеді. Делиден қайтар рейс 12:20-да ұшып, Алматыға 16:40-та жетеді. Делиге ұшу ұзақтығы 3 сағат 50 минут болады.

Air Astana әуе компаниясы Киев, Бішкек, Ыстамбұл, Тбилиси және Бакуден транзиттік жолаушыларға ыңғайлы түйісулерді ұсынады.

Әуежай, жанар-жағармай және басқа да салықтарды қосқанда екі бағыттағы эконом-кластың билет құны 234 755 теңгеден, бизнес-класта 453 419 теңгеден басталады.

Делиге ұшатын азаматтар www.newdelhiairport.in  порталында форманы толтыруы керек,

Олар сонымен бірге келуге дейін 72 сағаттан ерте емес COVID-19 үшін теріс ПТР сынағын жүктеу керек. Мұндай рәсімнен бес жасқа дейінгі балалар босатылады. Сонымен қатар, ұшатын елде әуе кемесіне отырғызар алдында және келгеннен кейін әрбір жолаушының температурасы өлшенеді. Егер саяхатшыда коронавирустық инфекция белгілері анықталса, ол республикадағы медициналық мекемеге оқшаулауға жіберіледі.

Вакцинацияланбаған немесе ішінара егілген туристер Үндістанға келгеннен кейін COVID-19 тестін тапсыруы, жеті күндік үй карантинін сақтауы және келгеннен кейін сегізінші күні екінші ПТР тесттен өтуі керек.Толығымен вакцинацияланған жолаушылар барлық бұл рәсімдерден босатылады.

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер