Қазақстанның жеті жарғысы

354

Мана түстегі "Нұр Отанның" бастығы ауысқан жиналыстағы басты әңгіме - "Елдіктің жеті тұғыры" болды-ау деймін.

Назарбаевтың Тоқаевты партиябасы еткенінен гөрі сол "жеті тұғырдың" дүбірі қаттырақ естілгендей болды маған.

1 - ТӘУЕЛСІЗДІК
2 - БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ
3 - ЖЕР
4 - ОТБАСЫ МЕН САЛТ-ДӘСТҮР
5 - ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ
6 - БІЛІМ МЕН ЕҢБЕК
7 - ПРАГМАТИЗМ

📌 Тәуелсіздікке тәубә! Қазақ мәңгі азат ел болғай🙏🏻🙏🏻🙏🏻

📌 Жердің айтылғаны қатты қуантты. Ұлтарақтай жерім болмаса да "жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын" деп жыртылып жүретін қазақтың бірі өзім. Жер - Қазақтың жаны!

📌 Отбасы түсінікті. Салт-дәстүрдің де айтылғаны қатты қуантты.

Бұрындары салт пен дәстүрді "шірік" деп отыратындар тек сәләфтар еді. Қазір ҚМДБ ішінде де сондайлар көп деген әңгіме желдей есіп жүр... Көзбен көрмедім, алайда, алдауы мүмкін емес адамдардан естідім. Жақсы емес бұл.

Батыр баба Райымбектің басына түнеп жүріп сұрап алған ұл еді ғой Елбасының өзі де, салт-дәстүрді ұмытпай, елдік тұғырға қосқанына ризамын.
Енді бұны насихаттау керек. Салт-дәстүрден қорқатындар үйінде жатсын!!!

📌 Ұлттық мәдениет десе... Жалпы, мәдениет десе менің көз алдыма Акмарал Зейлова деген адам келеді.

Маңғыстау мәдениетінің отымен кіріп, күлімен шығып, денсаулығын берсе де жұмысынан қалмай шапқылайтын да жүретін АЛТЫН АДАМ, аман жүріңізші!

Мәдениет қызметкерінің қай қайсысы да құрметке лайық, молодец, Назарбаев!

📌 Білім мен Еңбек! Ендігі жерде Қазақты құтқарса осы екеуі құтқарады! Білімді ұрпақ еңбексүйгіш болса Қазақты алға сүйремей тұрмайды.

📌 Прагматизмге менің бір бойдақ досым қатты қуанып жатқан шығар.  Үнемі жазып жүретін еді, ақыры Елбасыға дейін жеткізіпті ғой.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның ендігі дамуы осы жеті бағытта болсын" деген сияқты ғой...

Алмас АЛТАЙ

 

Пікірлер
Редакция таңдауы