Ақтөбе облысындағы тергеу изоляторынан зорлады деген күдікті қашып кетті

2571
Adyrna.kz Telegram

Қашқын алысқа тығылып үлгермеді. Оны бір сағат көлемінде мекеменің аумағында ұстап алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

24 қарашада Ақтөбе облысындағы тергеу изоляторында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабы "Зорлау" бойынша қамауда отырған қылмыскерден қашу фактісі тіркелді.
Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті 1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426 «Бостандығынан айыру орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу» бабы бойынша іс жүргізілуде.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін УИС комитеті қызметкерлерінің баруымен қызметтік тексеру тағайындалып, оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер