Алматыда Арон Атабектің өліміне байланысты митинг өтті (ВИДЕО)

2424
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы Абай ескерткішінің алдында кеше ғана денесі жер қойнына тапсырылған ақын, диссидент Арон Атабектің (Едігеев) өліміне байланысты митинг өтті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Митингке Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

Шараға жиналғандардың бірқатары Арон Атабектің қоғамдағы рөлі мен оның өліміне қатысты өз пікірлерін білдірсе, енді бірі шараға келген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне үндеу тастады:

"Егер елімізде демократия болғанда, сіздер, бұл митингке келмейтін едіңіздер. Үйлеріңізде отбасыларыңызға қамқор болып, өз балаларыңыздың болашағын ойлап, олардың дамуына атсалысар едіңіздер", — деді белсенділердің бірі.

Сондай-ақ митингке жиналғандар ақынның рухына тағзым етіп, "Ақын жоқ болса, халық та жоқ" деп ұран көтерді. 

 

 

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер