Токиода жапон әнін орындаған Димаш Құдайберген көпті тәнті етті (ВИДЕО)

5410
Adyrna.kz Telegram

28 қараша күні қазақстандық өнер жұлдызы Димаш Құдайберген Токиода өткен джаз фестивалінде алғаш рет жапон тілінде ән шырқады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Токио джаз фестивалі – бұл Күншығыс елінің ірі джаз мерекесі. Танымал әлемдік музыканттарды бір сахнада жинай алатын фестивальдің ғаламшардың түкпір-түкпірінде ауқымды аудиториясы бар. Биыл фестиваль 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы себепті ұйымдастырушылар расымен де айтқысыз шоу сыйлады. Фестиваль трансляциясы Жапониядағы ең әйгілі джаз клубтарының бірі «Blue Note Tokyo»-да жасалды. Кеш жүргізушілері танымал жапон әншісі және белгілі тележүргізуші Гарри Сугияма болды.


Сахнада Makoto Ozone, Хэрби Хэнкок, Мико Хазама, BIGYUKI, Чихиро Яманака және басқа да жапондық және әлемдік әртістер өнер көрсетті.

Димаш Құдайберген Tokyo Jazz Festival-ге осымен екінші рет қатысып отыр. Ол есімі аңызға айналған әнші әрі композитор Коджи Тамакидің «Don’t Go» («Autumn Strong») әнін жапон тілінде орындады.

Жүргізуші Гарри Сугияма әртісті өте жылы таныстырды: - Осыған дейін Димашты телебағдарламалардың бірінде таныстырғаным бар. Оның жанкүйерлері қатты қуанып кетті және содан бері маған қолдау білдіре бастады. Мен өте таңғалдым. Олар өте сүйкімді әрі мейірбан. Димашты шынымен де бүтін әлемде жақсы көреді және мен оның тамаша дауысын осында – Tokyo Jazz-да тыңдауға асықпын, - деді.

Айта кетейік, Димаш бұл композицияны алғаш рет 2017 жылы «I am Singer» байқауында қытай тілінде шырқаған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер