Лионель Месси "Алтын доп - 2021" иегері атанды

2931
Adyrna.kz Telegram

ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси осымен  жетінші рет«Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски футболдағы ең беделді жеке марапатқа дауыс беруде екінші орынды иеленді. Үшінші орын – Лондондық «Челсиден» Жоржиньоға бұйырды.

2019 жылғы «Алтын доптың» иегері де Месси болатын. 2020 жылы сыйлық коронавирустық пандемияға байланысты берілмеді.

2021 жылы Месси Аргентина құрамасымен алғаш рет кубок жеңіп алды - ұлттық құраманың құрамында Америка кубогының иегері атанды. Левандовски «Бавария» сапында Германия чемпионы атанды және Бундеслигада 41 гол соқты. Ал Жоржиньо Италия құрамасымен Еуропа чемпионатын, «Челсимен» Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер