Әлемді өзгерткен 50 ғалым-әйел жайлы кітап қазақ тілінде жарық көрді

4703
Adyrna.kz Telegram

Қоғам мен ғылымның дамуына өз үлесін қосқан әйелдер жайлы «Ғылымдағы әйелдер. Әлемді өзгеркен 50 ғалым-әйел» кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Әлемдік бестселлерлерді «Мазмұндама» қоғамдық қоры «YPO Kazakhstan» төрайымы Гаухар Қаппарованың демеуімен басып шығарды.

Белгілі дизайнер Рэйчел Игнатовскидің көркем иллюстрацияланған кітабының кейіпкерлері – математика, космонавтика, медицина, химия, физика және т.б. ғылым салаларында адамзаттың ортақ мұрасына айналған жаңалықтар ашқан, ғылым жолында өмірін, денсаулығын құрбан еткен, кедергілермен күрескен ғалым-әйелдер. Олардың еңбектері болашақ инженер, биолог, генетик, математик, дәрігер, астроном, физиктерге шабыт сыйлайды.

«Ғылымдағы әйелдер. Әлемді өзгеркен 50 ғалым-әйел» кітабының қазақша нұсқасын Гаухар Сәрсекенқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 40 жылдан астам қажырлы еңбек еткен анасына арнайды.

Сонымен қатар Қаппарованың демеуімен «Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісі де қазақ тілінде басылып отыр. Кәсіпкер балаларға арналған осындай кітаптар жас ұрпақтың әлемге танымал теңдесіз туындыларын төл тілімізде оқып, өздерін осы кітаптардың кейіпкерлерінің орынына қойып, шабыттанып, ұшқыр қиялын дамытып қана қоймай, оқу-білім іздеп, арман қуып, биік шыңдарды бағындыруға деген ұмтылысын арттырады деп есептейді.

Пікірлер