Мәйітті өртемек болған: Жалдамалы пәтерден 22 жастағы қыздың денесі табылды

3564
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте Тыныбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде 22 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды жергілікті "Отырар" сайты.

Жантүршігерлік оқиғаның анық-қанығын құқық қорғау органдары әзірге хабарламаған.

Полиция көршілері мен куәгерлерден жауап алады. Кинологтар мен криминалистер оқиға орнында жұмыс істейді.

Қорқып қалған үй тұрғындары учаскелік полиция қызметкерлеріне күнделікті пәтерлерде «притон» бар деп бірнеше рет айтқанын айтады. Бірақ тұрғындардың зарын ешкім естімеген.

29 қарашадан 30 қарашаға қараған түні қайғылы оқиға болған пәтерде де тағы да шулы отырыс болған. Көршілердің айтуынша, олар полицияға қоңырау шалып, барлығын айтқан. Күлкі мен айқай дауыстары маза бермегеніне шағымданған. Бір күнге жалға берілетін пәтер тұрғындарының шуын тоқтату үшін қабырғаны бірнеше рет соққан екен. Шу басылмаған. Бір сәтте жалдамалы пәтердегі дауыстар сып тыйыла қалған.

Жалдамалы пәтерде қыздың мәйіті табылды, қылмыскерлер іздерін жасыру үшін, мәйітті өртеуге тырысқан.

Мәйіт табылған үйдің жанында бейнебақылау камераларымен жабдықталған бірнеше мекеме бар. Ол күдіктілердің жеке басын анықтауға көмектесуі мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер