Лукашенко Қырымды Ресейдікі деп мойындады

3928
Adyrna.kz Telegram

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қырым де-юре 2014 жылғы референдумнан кейін Ресейдің құрамына кіргенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басшы РИА Новостиге берген сұхбатында өзінің түбекке бару сапары оны Ресей Федерациясының бір бөлігі деп тануын білдіретінін мәлімдеді.

Лукашенко сапарын Севастопольден бастамақ.

«Мен үшін де, Путин үшін де бұл құпия емес, сонымен қатар жай ғана сұрақ та емес. Қырым де-факто және де-юре Ресейдің құрамына өтті. Менің аймаққа бару құқығым бар, себебі ол менің де Қырымым»,– деді Беларусь мемлекетінің басшысы.

Айта кетейік, Қырым 2014 жылы наурызда Украинада  өткен референдумның нәтижелері бойынша Ресей аймағына айналған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер