Шымкент: Әл-Фараби ауданындағы 7 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді

3245
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/3dec44bf-632f-41ba-af1b-2c0d7481300d.jpeg
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби ауданында 7 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы аудан аумағына қарасты 404 көшенің ұзындығы 282 шақырым. Оның ішінде асфальт төселген жол 224 шақырымды құраса, қалған 58 шақырымы тас жол. Сондай-ақ, осы жылы аудан аумағындағы шалғай елді мекендегі 13 көшеге 5,2 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Сәуле шағын ауданына 195 орамдағы 8 көшеге 3,4 шақырым, Ақтас-2 елді мекеніндегі 5 көшеге 1,8 шақырым тас төселді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Комментарии