Маңғыстау облысында биыл 153 көпбалалы ана баспаналы болады

2116
Adyrna.kz Telegram

Биыл “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Маңғыстау облысында 153 көпбалалы ана жаңа пәтерлерге қол жеткізеді. Қазіргі таңда кейбір аудандарда пәтерлердің алды беріліп басталған.

Баспаналы болатындардың қатарында Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында тұратын бес баланың анасы Зағипа Елтіжиева да бар. Олар екі апта бұрын өзінің көптен күткен 5 бөлмелі үйіне қоныстанды. Көпбалалы ана дән риза.

Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының айтуынша, Маңғыстау облысында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша көп балалы аналарға бастапқы тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға биыл республикалық бюджеттен 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Пәтерлер Ақтау қаласы мен Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы аудандарынан сатып алынады. Пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 8 400 шаршы метрді құрайды.
Соның ішінде Ақтау - 54 пәтер, Маңғыстау ауданы - 24 үй,  Қарақия ауданы - 30 үй,  Түпқараған ауданы - 15 үй,  Мұнайлы ауданы - 30 үй.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру келесі жылы да жалғасын таппақ. Шамамен 500-ге жуық көпбалалы ана пәтерлі болады деп жоспарлануда.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер