МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҮКІЛҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

1474
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталық» КММ-нің ұжымы Тәуелсіздік күніне орай, «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған «Таза қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысты.

Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті. Яғни, аталмыш іс-шараның қала тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор. Осындай ұрынмен мекеме қызметкерлері Сайрам көшесі бойында шашылған қоқыстарды жинап, жапырақтарды сыпырып, үйіп арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау сынды тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қала тазалығын бірге сақтайық!

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталағы

Пікірлер