Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында 80 отбасы қоныс тойын тойлауда

979

16-желтоқсанТәуелсіздік күні мерекесінеорай Мұнайлы ауданы Батыр ауылында көп балалыжәне осал топтағы 80 отбасыға баспана берілді. Әр пәтері 70 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған.

Батыр ауылының іргетасын Маңғыстаудың төл перзенті, абыз ақын Әбіш Кекілбайұлы қалап, атауын да өзі қойған еді. Бүгінде Батыр ауылында 13 мыңнан астам адам тұрады. Өңір бойынша ең көп туу көрсеткіші де осы ауылда тіркеліп отыр.

Айта кетейік, Мұнайлы – еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған алғашқы аудан. Аудан құрылған жылдардан бері Мұнайлыда жылына орта есеппен 195-198 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазір Маңғыстау және Дәулет ауылдық округтерінде көпқабатты тұрғын үйлер салынуда.

Аудан әкімі баспаналы болғандарды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі.

- Еліміз Тәуелсіздік алғалы халықты баспанамен қамтудың бірнеше бағдарламасы жасалды. Үй алудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылды. Осылайша мыңдаған отбасы қоныс тойын тойлады. Бүгін, міне, ауданымыздакөпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар жаңа үйге кіріп жатыр. Қоныс жайлы болсын, мереке құтты болсын,- деді аудан әкімі Рахат Елтизаров.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket