ТҮРКСОЙ Қарағанды қаласының кітапханасына кітаптар тарту етті

8293
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық түркі мәдениеті ынтымақтастығы ұйымы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына осы уақытқа дейін шығарылған кітаптарын сыйға тартты. 

Олардың арасында "Абай", "Үш арыс", "Шыңғыс Айтматов", "Олжас Сүлейменов" арт-альбомдары, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев және т.б. ақындарымыздың туындылары бар. Сондай-ақ түбі бір түркі елдерінің өзге мемлекеттерінің тарихы жайында кітаптар тарту етілді.

Шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды. Салтанатты жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қарағанды облысының және қалалық әкімшіліктің өкілдері, зиялы қауым мен журналистер қатысты.

Жиында сөз алған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов:

"Тәуелсіздік жылдары халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы әдебиет саласында үлкен жұмыстар атқарды. Осы уақытқа дейін түркі әлемінің 150-ден астам кітабын шығардық. Олардың арасында Қазақстанға қатысты туындылар баршылық.

Биыл Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай біз ақынның шығармаларын 7 тілге аудардып, арнайы кітап ретінде басып шығардық. Түркияның Анкара, Кастамону қалаларында ақынымыздың ұрпақтарын арнайы шақырып тұсаукесер рәсімін жасадық. Жамбыл атамыздың 175 жылдығына орай Жамбыл Жабаев таңдамалы шығармаларының түрік тіліне аударылған кітабын басып шығардық",-деді.

Айта кету керек ТҮРКСОЙ ұйымы бұған дейін өз кітаптарын Алматы қаласының кітапханаларына тарту еткен болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер