Әлихан БӨКЕЙХАН: Надан моллалар не айтады, соған нанады, содан қанша залалдар бар

3237
Adyrna.kz Telegram

 

(Түпнұсқадағы тақырып: Қ. оязындағы моллалардың баяны)

Қырда кім болса да сол молла болады. Аз ғана оқу білетін қазақ я қашқын ноғай я сарт я тәжік.
Сол адамдар бек надан һәм нәрсені ... білмейді һәм солар надан болған соң, қазақтарға ауып, оларды мейлінше бұзады. Қай қазақ моллаға нанбайды, ашық күнді жауын қыламын деп тұрған соң ... (Құдайындай иланады).
Қазақтар молланы кінәсіз деп ойлайды, себебі моллаларды діннің қуаты деп... Қазақтардың ойлауынша, моллаларға аз қарсы келген – күнәһар деп. Сол надан моллалар не айтады, соған нанады, содан қанша залалдар бар.

1879-шы жылда Қ. оязының оңтүстік шығыс жақ араларындағы елдерде шешек болды. Сол уақытта қырға бір белгісіз молда келіп: «дәрігермін» деп бір түрлі шешек еге бастады. Сол еккен соң, шешектен көп өлді. Соны ұлықтар біліп, шешек егуішті Сібірменен таныс қылатын деп еді. Бірақ сорға молла қашып кетті. Аз-аз құранды оқып танитын қазақ, мағынасыменен білмейді, арап тіліменен жазғаны үшін, сонда да «молламын» деп жүреді.
Сонан соң барша қазақтар да оны молла қылады. Көбінесе сондай моллалар жазу білмейді, дұрыс жаза алмайды, жазса да – мейлінше көп қатеменен жазады. Қазақ халқына сондай моллалар ғибрат береді. Өздерінің жүріс-тұрысыменен, мінездеріменен
өздері мейлінше бұзық болған соң біз ойлаймыз: осы сөздерді бұза алмаған қазақтар мақұлдайды ғой! -деп. Егер сол қазақтар, рас, ... мақұл адамдар болса, қазақтардың анық мінездеріндей жүлік моллалардың сырттарынан дін тұтып жүргендерін байқап,
қазақ араларында шығарған өлеңдері де бар. Сол моллалардың дұрыс жүрмегендігі тура да, шариғат жолыменен сол өлеңдерді шығарған жақсы ... бір халықты сүйген ақындар моллалардың мінезін жүлік кінәдан қорғап-ақ шығарған.
Сондай моллалардың шариғатпенен жүрмеген көбін көрдік. Сол моллалар сөзінен ақылды, жақсы көрініп дегенге жерік болып жүрсе де көп зұлымшылықтары білініп жүрді - ғайбат айтып жалғанға күнә болып. Сондай моллалар қырда өздерінің (құран тауып ішетін ұқтамай) жүретін қазақтарға мейлінше құрметті. Сол қазақтар өз пайдасы үшін сондай моллаларға дос болып, жақсы кісі атанады. Себебі, халықтың (еңбегіменен) ішіп-жеп, солардан алып байып, өздерінің зұлым істеріне моллалардан көмек көреді. Бір сорлы қазақ бар ма екен солардың соры «жақсы» атанып жүрген қазақтар менен моллалардан (көрмеген).
Сол моллалар надандығыменен дінге қарсы өтірік айтады. Қазақтарға айтады: тергеуге мұсылман дініндегі кісіні қара болса да ақтауға мүмкін деп, егер қарсыласқан адамы орыс я жөйт болса деп. Құран сондай ... (жалған) шариғат айтады деп білуге (...) мүмкін емес. Сол тақырыплы қазақтар өздеріменен бір діндес қазағын қара да болса ... менен ақтап, ... бір жақсы іс қылса ... осылар оң, дұрыс па, ойлашы! Қазақ, бұларың..., шындыққа қарсы болмас, мүмкін ислам дініне қарсы емес пе!?
Біздің естуіміз бойынша, бір судиа қазақтар турасында өзінің бір жақын дәрігеріне айтыпты: «қазақтар анттың не екенін білмейді» деп. Кім қатпайды бұған!? Судиа бұларды байқамағаны ... қанша жылдай судиа болып тұрып, қазақтардан жан алып,
қазақтардың антты қалай болса олай бере бергенін көрген.
Қазақ сыны осыншама адастырған кім – молла емес пе? Біз несінші мәртебе қазақтардан есіттік: бөтен діндегілердің нәрсесін алған обал емес деген молла еді деп және қазақтар – күн тұтылғанда пәлен күні тұтылады деген орыстың сөзін көзіменен көріп, таң қалып тұрғанда, молла айтады: - Бұл жақсы белгі емес! –деп, - Ақыр заманға таяғанның белгісі, дегенді һәм айтқан: - Мұны орыс білмейді, деп. Оларға халифа жұрты білдірген ғой! –деп халифа жұртын моллалар бүтін дүнианы билеп тұрады, деп.
Бұларды кім сондай моллаларды дүниа ғылымын білмейді деп ойлайды. Сол құрметті молла текке өтірік айтады, солай ма?! Моллаға сондай өтірікті қайдан алдыңыз? Сондай
сөз неғып қолында болды я болмаса жалғыз моллаға жалған сөйлеуге рұқсат болған ба?
Әрдайым молла халықтың пірі болып, өз жұмысын анық орнына келтіре ме? – Жоқ, келтірмейді! Сайлау болған уақытта, таласқан кісілерге еріп шыға келеді. Болашақ болыстардан алу үшін, сол кісілер моллаларды сүйеніш көретіндері себепті һәм
моллалар өзінің халі келетін аймағындағы халықтардан оңай ... тақырыпты һәркімге белгілі соңғы уақыттарда сайлауда һәркім-ақ ... шабылып қалады. Болысқа сайланатын байлар жылдам-ақ байып қалады, кедей қазақ онан да жаман ақсап қалады. Себебі,
байлардай емес, сондай шығынды көтеретін қай әлі бар! Осындай болатын себептері қазақ халқының бір-біріне қалай алып ... мәнісін білмегеннен емес, жоғарыда біздің айтқанымыздай, қырдағы «жақсымын» деп жүретін кісілердің бөтен деген ішіп-
жеуді ... көргеннен қайтіп кедей қазақ жақсы кісі болсын?! Сондай қылықтың зұлымшылығының бір-біріменен қызметке таласып, қырылысып жатқан сол қызметті өздерінің зұлымшылық іс қылуға қарудай көріп, моллаларды өз жұмыстарын тастап,
пайдасын көздеп, халыққа «пірміз» дейді сондай сарт-тәжік моллалар. Кімнен қазақ халқы жақсылық күтіп, сыйластық табасын?! Сондай бәледен құтылу өзіңнен, бәленің бәрі өзіңде!
Қазақ, сені, өзіңді бәлеге кіріптар қылған «жақсы» қазақтар менен надан моллалар, ұстап-билеп соң. Онан да біздің айтатын сөзіміз: қызметке өздеріңе бас болуға өтсін, жақсылардан сайла! Қазақтың мақалын оқып «жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
жаманға ерсең – қаларсың ұятқа» деген.
Мейлінше «молласынып» жүрген ноғай я сарт-тәжік - қазақ молласынан онша ғылымды емес. Сонда да құраннан бірдеме айтып шыға бермейді «үлкен күнә» деп. Солар білмей тұрып неге мойындарына алмайды «күнә» деп? Молла ғылымды
адамдар сондай-жалған айта ма екен? Қашқын болмаса, бөтен тұқымдас моллалар сол тұрған орындарын бір пайдалы нәрсе деп біледі. Жақсы болып тұрып сауда жүргізеді.
5 жылдай болды, Қ. шаһарына бір жас ноғай келді, өзі «молламын» деп. Соны қырда құрмет тұтып һәм қалада да теріс көрген жоқ не дәуір білімді мұсылмандарыңның арасында.
Сонан соң бірталайдан соң шалмасын тастап өзінің жиған ақшасына 30 теңге киім тігетін мәшине сатып алып һәм өзге киім тігушінің керек-жарағын алды. Сөйтіп сол молла киім тігуші болып алды. Сол қаланың адамына сол қорлық емес пе?!
Сол молладан болған тігінші қалай болса, солай жүріп-тұрып, қарта ойнап, лоттереялар жасап, ғайры өзіменен мінездес кісілерменен үйірлесіп алды. Сол үйірлескен кісілері сол тігушінің өзіне һәр түрлі әңгімелер айта бастады. Сол әңгімелердің ішінде ... (мазгур) тігіншінің өзін «қашқын» деп және сол айтқандары
анық рас болып шығыпты. Сонан соң қашқындығын политсия білген соң тігіншіні ұстады.
Сондай моллалардың жақсы бірі алғаш қырға жұлма-жұлма болып, бұрынғы заманның үңгірде жатып жүрген адамдардың кигеніндей киіміменен келеді. Сонан соң аз-аздан
бақал сата бастайды. Бесті уақытта қадақты темекі һәм уысты тотияйын сатады. Солардың бағасы қазақтардың моллаларға офат болған ағайындарына қанша қылдырып берген тері-терсегінен аспайды. Һәм сол бақалдарыменен просенті (про-
центі. С.А.) қазақтардан аямай алып байыды. Қырда бар жақсылыққа жетеді. Қырда ең жақсы адам-ақ бай деп біледі.
Қай қазақ білмейді: ақша сататын молланы кедей қазақтардың жалғыз қарасын неше мәртебе тартып алған. Сол бай моллалар солай жүріп бір жағынан қазақ деп атанатын болады. Қай қазақ білмейді: ноғай я сарт моллаларын «шала қазақ» болып жүрген, қазақпенен бірдей болып жүрген, өздері Россиада я Түркістанда туса да.
Сонан соң, бәрібір, сол шала-қазақ моллалары болыстыққа сайланады. Сондай-сондай шала-қазақ болыстардан не күтесіңдер, қазақтар?! Олар сені, өздері қасқыр, қойдай көреді.
Сондай бір шала-қазақ болыс – мейлінше атақты кісі, өзі ақша сатушы, бұрынғы молла бір ақын қазаққа дүре салуға бұйырыпты... бір қой үшін. Соны ана кедей қазақ тауып
бере алмаған соң, сонда ақын болысқа келіп ... жақсы, атақты қазақтардың ортасында отырғанда, өздерінің тұқымдарын сартқа қор қылған әлгі ақын сол шала-қазақты мақтап өлең айтыпты - данышпандығын Сүлейменменен (Соломонменен. А.Н.) салыстырып, құт билігін – Ескендір Зұлқарнайынменен салыстырып, сол ақын сорлы, қайтсын, құтылам ба! -деді.
Молладан болған болыстар бізге, саған сондай жәбіршілік қылады. Қазақ халқы, сонда да, сен мұны байқамайсың, сонда да біз ойлай білмейміз – қазақтар жаманшылықтың бәрін де моллалардан алды ғой деп және моллалардың бәрі де надан деп те айта алмаймыз!
Хош, қырда жақсы, ұнамды моллалар да бар. Бірақ қазақ арасында көп қадірі жоқ. Біздің ойлауымызша, моллалар өзіне міндетті нәрселерді халыққа үйретсе, жақсы болар еді, әдеппенен қазаққа бақал кіргізіп, молланың айтқан хақ сөздерін іңгәләп,
қалай болса солай қылмай, егер де жаңағы моллаларды байқап бақсын қылса, жақсы дін ғылымын һәм одан бірінің мінезінен жақсы болар еді. Молла – міндетті халыққа ғылым беруге.
Сонда да қазақтың таза мінезінің көтерілуі оңай ма? Жоқ, қырға сондай... моллалар келгенінен бері арамдық, жаман ойы жоқ, жуас қазақ зиянды, жалғаншы болып кетті. Жақсы қариялардың айтуы бойынша, бұрынғы замандағы болғанды айтып отыратын: шариғат ғылымы һәм білім адамды сондай қылмаған.


А.Н. Қ. оязындағы моллалардың баяны. // Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының толық жинағы. I том. – “Сарыарқа” баспа үйі, Астана, 2009. –  123-127 беттер.  

Дайындаған: Арман ӘУБӘКІР, 

“Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер