Путин: Жеріміз үлкен, халқымыз азайып барады (ВИДЕО)

3289
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/upload-rian_6728250.hr-pic4_zoom-1500x1500-69010.jpg
Бүгін, 23 желтоқсанда Владимир Путин үлкен баспасөз мәслихатын өткізді. Онда Ресей Президенті журналистердің сұрақтарына жауап берді. Биылғы жылы шараға ресейлік және шетелдік БАҚ-тың 500 өкілі қатысты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Баспасөз мәслихатында В.Путин Ресей Федерациясының халқы азайып, жыл өткен сайын елде өлім-жітім көбейіп бара жатқанын айтты.
— Бізде ең басты мәселе — демография. Жеріміз үлкен, халқымыз азайып барады. Бүгінгі еліміздегі 146 миллион тұрғын осындай ұлан-ғайыр далаға аздық етеді. Тіпті, елімізде жұмысшы саны жетіспейді, — деді Ресейдің Президенті.
  https://www.youtube.com/watch?v=08gX-tfCUV8  

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии