Жандарбек Бекшин қызметінен кететінін мәлімдеді

6035
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/bekshin-960x500.jpg?token=5cceb33773e8c82fa2bec8c76ec2270c
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері және ҚР ДСМ КСК санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап. Ақпаратты Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растады.
«Менің келісімшартым аяқталды. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, зейнеткерлерге жұмысты бір жылға ұзартуға болады, ал маған екінші рет ұзартылды, әрі қарай мүмкін емес. Мен қаңтарда кетемін, – деді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқармақ.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии