Бекболат Тілеухан денсаулығына байланысты депутаттық қызметтен кетті

10768
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтататыны айтылды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

"Тілеухан Бекболат Қанайұлы өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Конституция бабына сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берілуіне байланысты ұсыныс енгізіледі", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов. Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына дауыс берді.

Ол қызметтен неге кеткенін түсіндірді. "Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес", - дейді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер