Бүгіннен бастап утилизациялық алым құны өсті: комбайн үшін 13783500 теңге

5203
Adyrna.kz Telegram

Елімізде утилизациялық алым құны өсті. Утилизациялық алым АЕК-ке байланысты, оның мөлшері бүгіннен бастап өсті. 2021 жылы 2917 теңге болса, 2022-жылдың  1-қаңтарынан бастап ол 3063 теңгені құрайды. 

Қазақстанда 2016 жылдан бері көлікті елге әкелу үшін міндетті қайта өңдеу алымы алынады. Утилизациялық алымды автокөлік өндірушілері, ресми импорттаушылар және автокөліктерді Қазақстанға әкеліп, тіркегісі келетін жеке тұлғалар төлеуі тиіс.

Экология министрлігінің мәліметінше, 2016 жылдан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін 614 миллиард 488 миллион теңге утилизациялық алым бойынша қаржы төленген. 2022 жылы жеңіл автокөлікті (қозғалтқыш көлемі 1 мың текше сантиметрден аз) утилизациялық төлемі 459 450 теңгені, қуаттылығы 400 ат күшінен асатын комбайн үшін 13 783 500 теңгені құрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер