Түрмеден босап шыққан педофилдерде электронды білезік тағылады

1998
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда 2022 жылдан бастап түрмеден босап шыққан педофилдерде электронды білезік тағылатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Интерфакске" сілтеме жасап.

Қараша айында ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев айтқандай, "түрмеден босап шыққан барлық педофилдер арнайы профилактикалық есепке алынады. Ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап оларға электронды білезіктер салынады".

Ол жалпы Қазақстанда сексуалдық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, жаза мерзімі ұлғайтылғанын еске салды. Осы қылмыстар үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шаралары қолданылмайды, сондай-ақ олар кешірілмейді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер