Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшыны тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықтың мәтінінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
“Адырна” ұлттық порталы