"Өз-өзіне қол жұмсаған": Жамбыл облыстық ПД басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болды

12239
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов қайтыс болды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция департаменті бастығының өлімі туралы ақпаратты растады. Баспасөз қызметі мән-жай мен басқа да мәліметтерді жарияламады. Алайда orda.kz сайтының мәліметінше Жанат Сүлейменов, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғандығы туралы дерек әлі де нақтылануда", - деді ПД баспасөз қызметі.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы туған, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бері қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, криминалдық полицияны, көліктік полиция бөлімдерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордай өңірінде болған оқиғадан кейін Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер