Нұр-Сұлтанда ірі дүкен өртенді

10044
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/izobrazhenie_2022-01-11_103205.png
Нұр-Сұлтанда дүкен өртенді, - деп хабарлайды "Адырна". Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің пультіне сағат 08.54-те Мәңгілік Ел даңғылы, 19/2 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер келген уақытта «Cotton» дүкенінде өрт шыққаны анықталды. Өрт орнында жеке құрамның 22 адамы мен 4 техникасы жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Өрт 09.22-де оқшауланғаны атап өтілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии