Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген Жарлықта .2011 жылдан - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі. 2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі. 2020 жылғы 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Адырна" ұлттық порталы