«Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауы басталды

5495
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/ad-1.jpg
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грант аясында «Адырна» ұлттық порталында «Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны» атты мақалалар байқауын жариялайды. Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, дүние-танымдық ерекшеліктерін, тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау. Оларды өзге мәдени экспанциялар мен жат ағымдардан қорғау. Шарттары:
  1. Мақала қазақтың ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналуы тиіс;
  2. Мақала 10 беттен аспауы керек;
  3. Мақала бұрын еш жерде жарияланбауы тиіс;
  4. Көркемдік ерекшелігіне, тіл байлығына, грамматикалық, стилистикалық сауаттылығына баса мән беріледі;
  5. Мақаланың «Адырна» ұлттық порталындағы оқылым көрсеткіші де ескеріледі.
  Бас жүлде: 300 000 теңге;
  1. орын – 250 000;
  2. орын – 200 000;
  3. орын – 150 000;
Екі авторға арнайы сыйлық  80 000 теңгеден. Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге.  Байқаудың мерзімі: 20 сәуір мен 30 қазан аралығы Байқауға қатысатын мақалалар ongarkabdenov8gmail.com электронды поштасына жіберілуі керек.        
Комментарии