Мәскеуде танымал қазақстандық спортшыны атып кетті

3227
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/d08512b8-c7fc-4457-a857-f9b2dacee93c.jpeg
16 ақпанда Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаевты Мәскеуде фитнес клубтың күзетшісі атып тастаған. Спортшыға 6 жерінен оқ тиген, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Басылымның мәліметінше, спортшы мен фитнес клуб күзетшісі арасында жанжал болған. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
30 жастағы Дүйсембаевқа 6 жерден оқ тиген. Қазір ол Мәскеу ауруханаларының бірінде жансақтау бөлімінде жатыр.
Көпшілікке "Қазақ" лақапатымен танымал Бағдат Дүйсембаев әуесқойлар арасындағы ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетеді. Ол барлығы жеті кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии