Депутат Зүлфия Сүлейменова Мәжілістен кетті

4536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/zumnxlg4cbwwl2binytu3oxnsyqgsvroswzpboc4.jpg
Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, депутат міндеттерін атқарудан өз еркімен бас тартқан, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап. 
Парламенті Мәжілісі депутаты Зүлфия Болатқызы Сүлейменова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттары мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Мәжілісі депутаты Зүлфия Болатқызы Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, - деді Шавхат Өтемісов.
Депутаттар ұсынылған мәселе қатысты тиісті қаулыны қабылдады.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии