Жекенің қолына негізсіз өтіп кеткен нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады

3599
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/763ca454-194c-4e12-a26e-340e15c553c1.jpeg

Жекенің қолына негізсіз өтіп кеткен нысандар мемлекет меншігіне қайтарылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды.

Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді.

Комиссияның негізгі міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Атап айтсақ, телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа да салалардағы маңызды обьектілердің мәселелері қаралмақ. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов арнайы тапсырма берді.

Премьер-министр қаржы министрлігіне ұсыныстар әзірлеу үшін 1 апта уақыт берді. 

Адырна” ұлттық порталы

Комментарии