«Назарбаев» қорына тиесілі Jusan bank мемлекетке қайтарылады

3476
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/755530014267802.jpeg
«Назарбаев» қорына тиесілі Jusan bank акцияларының мемлекетке қайту мәселесі түпкілікті шешілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.       Бұл туралы «DALA инсайд» telegram-арнасы жазды.
«Назарбаев қоры» тарапымен өткен ауыр келіссөздер нәтижесінде Jusan bank-тің мемлекеттің қол астына қайтуы бойынша жағымды шешім қабылданғанын хабарлады. Есесіне Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс» — деп жазды канал.
Айта кету керек, Jusan bank (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тартқан. Соның есебінен, акционерлері – «First Heartland Securities» АҚ («Назарбаев қорына» бағынады). Ол 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде шығарып алған.  

«Адырна» ұлттық порталы. 

Комментарии