Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

1226
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SADPSMKojukbLse3ZXLKjdL2pnc6x7cfTvmw3DD7.webp

Атырауда 11 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдегі лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға кезінде жасөспірім велосипедін лифтке кіргізбек болған. Алайда лифт есіктері автоматты түрде жабылып қалғандықтан, велосипед есік арасында қысылып қалып, баланы бірге іліп әкеткен. Көп ұзамай оның қолы тайып, ашық тұрған лифт шахтасына құлап кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысы дереу ауруханаға жеткізілген. Бала ауыр жарақат алған жоқ. 

Қазіргі таңда оқиға бойынша тексеріс тағайындалды.

Комментарии