АҚШ-тың Огайо штатындағы Трамбулл округінде орналасқан Хауленд елді мекенінің маңында жеңіл моторлы Cessna 441 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Fox 8 телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Әуе апаты жексенбі күні таңертең болған. Ұшақ бортында болған алты адамның барлығы, атап айтсақ, екі экипаж мүшесі мен төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
«Ұшақ ұшқаннан кейін бар болғаны жеті минут өткеннен соң қалың орманды аумаққа құлаған», — делінген хабарламада.
Апаттың себебі әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарын АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі мен Азаматтық авиация федералды басқармасы жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 22 маусымда Астанада жеңіл моторлы ұшағы апатынан екі адам қаза болған еді.
Новости по теме
В Акмолинской области чеченцы и ингуши дают своим селам казахские имена, вместо идеологически устаревших названий