Қазақстандағы бітімгершілік. Ынтымақтастық пен жаңа бастамалар

802
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t3MFPovYoPdrtLdy4OrUZvMOnKaTroUbilqtyPCd.jpg

Қазақстан Республикасы — жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында ерекше көзқарас пен батыл қадамдар жасаған мемлекет. Тарихқа көз жүгіртсек, тәуелсіздік жылдары еліміз халықаралық бастамаларды көтеріп, әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге өз үлесін қосып келеді. 

Қазақстанның бейбітшілік жолындағы алғашқы әрі ең маңызды қадамы — 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабуы болған. Семейде Кеңес Одағы кезінде 450-ден астам ядролық жарылыс жасалып, жүздеген мың адам зардап шекті. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы шешімі халықаралық қауымдастықта үлкен резонанс тудырыған. 
Нәтижесінде 2006 жылы Қазақстанның бастамасымен Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл аймаққа Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан кірді.

Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап Қазақстан Сириядағы азаматтық соғысты реттеуге бағытталған келіссөздер үшін бейтарап алаң ұсынды.

Ресей, Түркия және Иран сынды негізгі тараптардың қатысуымен өткен Астана процесі Сирия мәселесіне қатысты келіссөздердің тиімді форматына айналды. Бірнеше раундтан кейін тараптар «деэскалация аймақтарын» құруға келісті. Бұл шешім қақтығыстардың бәсеңдеуіне және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етті.

Қазақстанда түрлі мәдениеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруі мүмкін екенін іс жүзінде дәлелдеген. 2003 жылдан бері Астанада екі жылда бір рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіліп келеді. Бұл форум дін өкілдері мен саясаткерлер арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда, 2022 жылы өткен VII съезге Папа Франциск пен ислам, иудаизм, буддизм, индуизм өкілдері қатысып, конфессияаралық татулықты сақтау туралы бірлескен үндеу қабылдады.

Қазақстанда бейбітшілік орнатуда тек саяси бастамалар мен іс-қимылдар жүзеге асады. 2018 жылы отандық әскери қызметкерлер Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері құрамында қызмет атқара бастады. Соған сай 120-дан астам қазақстандық бітімгер Ливанның оңтүстігінде патруль жүргізу, жергілікті халыққа гуманитарлық көмек көрсету сияқты тапсырмаларды орындап келеді.

Комментарии