Ресейде танымал опера әншісіне іздеу жарияланды

1790
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ntQZWyWEFf64IpvRbRerOLACWR17upcO58G5bvjc.jpg

Ресейлік тергеу органдары опералық әнші Мария Максакованы іздеуге жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеп.

БАҚ беттерінде тараған ақпаратқа сәйкес, бұл туралы Мәскеуде өткен сот отырысы барысында хабарланған.

Максаковаға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың қыркүйегінде қозғалған. Тергеу оған мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы бағытталған әрекеттерге ашық түрде шақыру және «шетел агенті» ретінде міндеттерін орындаудан жалтару баптары бойынша айып таққан.

ТАСС хабарлауынша, тергеу органдары Максакованың украиналық «Сейчас» телеарнасына берген сұхбатына назар аударған. Сұхбат барысында әнші Украина қарулы күштерін «Левиафанның омыртқасын сындыруға қауқарлы жалғыз күш» деп атап, украин армиясына көмектесу қажет екенін мәлімдеген.

Тергеушілер бұл мәлімдемелерден Ресей армиясын «дискредитациялау» және Украина қарулы күштерін қаржыландыруға шақыру элементтерін көріп, қылмыстық іс қозғаған. Қазір Максакова Ресей аумағында ресми түрде іздеуде.

Еске салайық, Мария Максакова – Ресейдің бұрынғы мемлекеттік дума депутаты және танымал опера әншісі. Ол 2016 жылдан бері Украинада тұрып келеді және Ресей билігінің саясатына қатысты бірнеше рет сыни пікір білдірген.

Комментарии