Литва премьер-министрі жемқорлық дауынан кейін отставкаға кетті

1761
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6gusNd2PSjqgv889ba1GEVyiD0w8107I47dQUIi4.jpg

Литва премьер-министрі және социал-демократиялық партиясының төрағасы Гинтаутас Палукас жемқорлыққа байланысты даулы оқиғалардан кейін екі лауазымынан да кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Палукас 2024 жылдың желтоқсанында премьер-министр қызметіне тағайындалған болатын. Алайда мамыр айының соңында Laisvės TV YouTube арнасы мен Siena журналистік зерттеу орталығы бірлесіп жүргізген тексеру нәтижелері қоғамда үлкен резонанс туғызды. Тергеу барысында Палукастың бұрын өзі құрған Granis компаниясының мемлекеттік ILTE даму банкінен 200 мың еуро көлемінде жеңілдетілген несие алғаны белгілі болды. Ол кезде Палукас премьер-министр қызметінде болған.

Сонымен қатар, ол басқарған Sagerta компаниясы Uni Trading компаниясынан жүздеген мың еуро несие алып, оны қайтармаған деген күдікке ілінді. Аталған компанияның артында кәсіпкер Дариуш Вильчински тұрғаны атап өтілді. Бұдан бөлек, 2012 жылы Палукас сол кәсіпкердің компаниясынан 223 мың еуроға үй сатып алған деген дерек те жарияланды.

Дауға Палукастың әпкесі басқаратын Dankora компаниясы да ілінді. Компания ЕО-дан 200 мың еуро көлемінде несие алып, Garni компаниясынан жабдық сатып алғаны белгілі болды.

Журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін Литвадағы қызметтік этика жөніндегі комиссия өздігінен тергеу жұмыстарын бастап кетті. Палукас бастапқыда барлық айыптауларды жоққа шығарып, мұны «саяси бәсекелестердің шабуылы» деп атаған.

24 шілдеде Литва президенті Палукастан халықтың сұрақтарына жауап беріп, болашағы туралы ойланып көру үшін екі апта демалыс алуды сұрады. Палукас бұл үзілісті «алдын ала жоспарланған демалыс» деп атаған болатын.

Алайда араға екі апта салып, ол премьерлік қызметінен де, партия төрағалығынан да кету туралы шешім қабылдады.

Комментарии