Қазақстан мен Түркия БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері (UNIFIL) шеңберінде бейбітшілікті қолдау миссиясы аясында әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында техникалық келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құжат Қазақстан әскери қызметшілерінің Түркияның әскери-теңіз күштеріне тиесілі кемелерде қызмет атқару тәртібін, олардың орналастырылуы мен қамтамасыз етілуін анықтайды.
Келісімге сәйкес, миссияға үш қазақстандық офицер қатыса алады. Олар штабтық қызметтерде де жұмыс атқара алады. Әскери қызметшілер алты ай сайын кезекпен ауыстырылады. Жоспар бойынша, ротация сәуір және қазан айларында өтеді.
Новости по теме