Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 3 тамыз күні сағат 1.30 шамасында Алға – Ақтөбе тас жолында болған, деп хабарлайды “Адырна”.
Жол бойында Toyota Camry және Toyota Highlander көліктері соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Camry-дің төрт жолаушысы қайтыс болды. Camry жүргізушісі мен Highlander көлігіндегі бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді», деп хабарлады облыстық ПД.
Полиция жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, тиісті сараптамаларды тағайындады.
Новости по теме