Өзбекстанда тағы бір газ құю бекетінде жарылыс болды

1014
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ieUu4D4iPx6hoE8kwXdstA5B1El3UqG8yaNoAlaD.jpg

Өзбекстанның Қашқадария облысында газ құю бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға 5 тамыз күні Көкдала ауданындағы «Алтындала» ықшам ауданында орын алды.

Соңғы 20 күн ішінде екінші рет газ құю бекетінде төтенше жағдай тіркелді.

Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, газ құю бекетінің аумағында сұйытылған пропан газын тасымалдайтын жүк көлігінен арнайы цистернаға газ құю кезінде өрт тұтанып, арты жарылысқа ұласқан.

Оқиға орнына сағат 22:22-де өрт сөндіру және құтқару қызметінің 5 тобы дереу жетіп, жалын 22:30-да ауыздықталып, 22:50-де толықтай сөндірген.

Төтенше жағдай салдарынан 1 автоцистерна мен көлемі 10 текше метр болатын сұйытылған пропан сақтайтын цистерна жанып кеткен. Сонымен қатар, автоцистерна жүргізушісі жеңіл күйік алып, медициналық көмекке жүгінген.

Айта кетейік, бұған дейін, 16 шілде күні осы аудандағы тағы бір газ құю бекетінде жарылыс болып, 4 адам көз жұмған еді. 

Комментарии