Әзербайжанның білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі шетелдік дипломдарды тану жөнінде 694 өтінішті қарады. Соның ішінде 587 түлекке оң шешім қабылданса, 107 адамның дипломы мойындалмады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Дипломды танудан неліктен бас тартқаны айтылды. Нақтырақ, шетелде оқу мерзімінің тым қысқа болуы, жекеменшік оқу орындарының дипломдары, оқу формасының талапқа сай келмеуі, оқу жүктемесінің айтарлықтай айырмашылығы, оқу орнының аккредитациясының болмауы мен білім деңгейі мен профилінің сәйкес келмеу себептері аталған.
Өтініштердің басым бөлігі Түркия (285), Ресей (228), Украина (55), Ұлыбритания (28) және Грузия (25) жоғары оқу орындарының түлектерінен түскен.
Ең көп сұранысқа ие мамандықтар – медицина және денсаулық сақтау саласы (173 өтініш), экономика (46), бизнес басқару (44) және қаржы (30).
Казахстан отмечает День Республики. Декларация о государственном суверенитете была принята 25 октября 1990 года. За год до распада опостылившего всем народам СССР
