Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

1029
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6jRK3gszMDhZQpsfDjYwrlaXHtOw6hKuEOo9rURc.jpg

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асылбек Амантайұлы Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Асылбек Ахметжанов 1993 жылғы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Есеп және аудит» мамандығын және Қазақ технология және бизнес университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығын меңгерген.

Мемлекеттік қызметін 2016 жылы бастап, түрлі департаменттерде цифрландыру және электронды мемлекеттік қызметтер саласында сарапшы және басшылық лауазымдарды атқарды. 2025 жылдың ақпанынан бері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаментінің директоры болды.

Комментарии