8 мың студентке жатақханадан орын тапшы

1055
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/93eXHHOeG62CNdSfq9MDvgNWagrKLjN8QKTMziP2.jpg

Студенттерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген жоқ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ақерке Абылайхан мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, бүгінде ел бойынша орын тапшылығы шамамен 8 мыңды құрайды, ал ең күрделі жағдай Алматы қаласында сақталып отыр.

«Студенттер баспанасыз қалмайды. Қазіргі таңда мәселе толық шешілген жоқ. Бізде университет жанындағы жатақханалар бар, онда әлеуметтік осал санаттағы студенттер мен үлкен қалаға алғаш келген бірінші курс студенттері орналастырылады. Бүгінгі таңда 6 160 студент хостелдерде, ал тағы 1 027 студент қонақүйлерде тұрып жатыр»,–деді ол.

2018 жылдан бері елімізде 62 мың орынға арналған 250-ден астам жатақхана салынды. Бұл нысандар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында бой көтерді. Студенттерді орналастыру үшін мемлекет субсидия бөледі, сол себепті инвесторларға құнын 40 мың теңгеден асырмау туралы талап қойылған.

Ақерке Абылайханның айтуынша, Алматы, Астана қалаларында жатақхананың айлық ақысы 20 мың теңгеден басталады. Университет жанындағылардың бағасы 30 мың теңгеге дейін барады.

 

Комментарии