Ел тарихындағы ең ірі есірткі партиясы. Алматыда 13 тоннадан астам кокаин тәркіленді

5403
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5BSesavqvnJI5Uoimx8RGPa0wDcXyEp6iZdulm6C.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жоюға бағытталған көп сатылы арнайы операция жүргізіп, республика тарихындағы ең ірі кокаин партиясын тәркіледі, деп хабарлайды “Адырна”.

Операция нәтижесінде Алматы қаласында бір реттік салмағы 13 тонна 183 килограмм болатын кокаин есірткі заты қолға түсті. Бұл – еліміздің құқық қорғау органдары тіркеген ең ірі көлемдегі есірткі тәркілеу оқиғасы.

Алынған жүктің Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге транзитпен жеткізілуі жоспарланғаны анықталды.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.

Комментарии