Бокстан әлем чемпионы. Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан финалға өтті

876
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/haXAspkT2MEHjJKRxZheabNhfEhDowcbLEREQTBi.webp

Фото: Olympic.kz 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды “Адырна”.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.

Ал Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.

Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Енді Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.

Комментарии