Маңғыстауда әкім орынбасарлары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды

1059
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gPixdsmPqPtpbGahGgTVqDpO5fn5NbBlFjAOsGU1.webp

Маңғыстау облысында есірткі қылмысына қатысы бар деген  күдікпен Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылы әкімінің орынбасары ұсталды. Бұл туралы облыс әкімдігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үш күдікті ұсталған.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып жатыр. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберіліп, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде»,—делінген хабарламада.

Арнайы операция Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізіп жатқан «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткен.

Комментарии