Министрлік сиыр етінің қымбаттауына қатысты түсініктеме берді

1675
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/myasoimages.jpg

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда сиыр етінің бағасының қымбаттауына қатысты еттің құны қалай қалыптасатынын және негізсіз қымбаттаудың алдын алу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрлік мәліметінше, бір килограмм сиыр етін өндірудің өзіндік құны орта есеппен 2 800–3 100 теңге аралығында. Оған 15% көтерме үстемеақы қосылғанда, баға 3 400–3 500 теңге шамасын құрайды. 

Дегенмен дүкен сөрелеріндегі баға бұдан жоғары болуы мүмкін, өйткені бөлшек саудадағы құн тек өндірістік шығын мен үстемеақыға ғана емес, сонымен қатар сатылып жатқан еттің қай бөлігіне байланысты өзгереді.

Ірі қара малдың бір тұтас еті сойылғанда, тірі салмағының тек 50–60%-ы ғана тағамға жарамды болып шығады. Оның ішінде премиум санаттағы бөліктер – филей, рибай немесе қазы-қартаның еттері – жалпы көлемнің 15–20%-ынан аспайды және дәстүрлі түрде қымбатқа сатылады.

Орташа сегмент шамамен 40–45%-ды құрайды, ал төменгі бөлігіне төрттен бірі тиесілі. Ал тағы 15–20%-ы сүйек, май және ет қалдықтарынан тұрады, олар ет ретінде сатылмайды. Сондықтан дүкендердегі баға еттің санаты мен сапасына қарай айтарлықтай өзгереді: майсыз бөліктер арзанырақ болса, жұмсақ ет премиум санатына жатады.

Комментарии