Алматыдағы Алмалы аудандық сотында белсенді Амантай қажының ісі қаралып, ол ақталып шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
Сот отырысында Амантай қажы өзін кінәсіз деп атап, ешкімді итермегенін айтты.
Еске салсақ, шілде айында әлеуметтік желілерде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жіберген сәті түсірілген видео тараған болатын. Сол кезде әлеуметтік желілерде зардап шеккен әйелдің жамбасы сынғаны туралы ақпарат пайда болды.
Алғашында тергеу Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») жүргізілген. Алайда 23 қыркүйектегі сот отырысында айыптау ҚК-тің 114-бабы, 3-бөлігі («Абайсызда ауыр зиян келтіру») бойынша қайта сараланды.
Дегенмен, сот барысында зардап шеккен тараптың Амантай қажыға шағымы жоқ екені белгілі болды. Судья Ернар Қасымбековтың айтуынша, әйел медиативтік келісімге қол қойған. Ол арызында Амантай Асылбектің моральдық және материалдық шығынды өтегенін және денсаулығына байланысты сотқа қатыса алмайтынын жазған.
Сот зардап шеккен тараптың келісіміне байланысты істі тоқтатты.
Өз сөзінде Амантай қажы өзін кінәсіз деп атап, болған жағдайды «жала» деп бағалады. Ол оқиғаның Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салу кезінде болғанын айтып, мас әйелдің өзін құшақтамақ болғанын, ал өзінің қолын қағып жібергенде әйел құлап кеткенін жеткізді.
«Мен адал, таза адаммын. Мұнда ешқандай қасақана әрекет болған жоқ. Жауларым көп, бәлкім соның кесірінен осындай жағдай туындаған шығар», – деді ол.
Глава «КазМунайГаза» провел совещание по производству и отгрузке нефтепродуктов с заводов Caspi Bitum и АНПЗ